
2025 жылдың 8 тамызында Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылында Халықаралық жастар күні мен Спорт күніне орай ауылдық футбол турнирі ұйымдастырылды. Аталған шара ауыл әкімі Ғ.Ж. Қаратаевтың бастамасымен өтті.
Турнирге Қарағаш, Бестамақ, Есет батыр және Тамды ауылдарының жастары қатысып, спорт алаңында ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен бәсекеде қатысушылар белсенділік танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ауыл тұрғындары жастардың спортқа деген қызығушылығын жоғары бағалап, олардың ширақ әрі жанкешті ойындарын қуана тамашалады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
•1-орын – Бестамақ ауылының командасы
•2-орын – Есет батыр ауылының жастары
•3-орын – Қарағаш ауылының құрамасы
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.
Шара соңында ауыл әкімі Ғ.Ж. Қаратаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортпен белсенді айналысуға шақырды. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралардың болашақта да жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1048725?lang=kk
Жауап қалдыру