Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының шағын залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 11 тамызда Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының шағын залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс өтті.

Жиналысқа 2025 жылғы 11 шілде №01-н/қ бұйрығымен бекітілген жұмыс тобының мүшелері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының заңгері Н. Асанбаев және басқарманың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала нәтижелері ұсынылып, талқыланды. Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар таныстырылды.

Мәжіліске қатысушы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының заңгері Асанбаев Нұркен Сапаргалиевич анықтама жобасымен танысып шығып, анықталған тәуекелдерді жою және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ашық әрі жария жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы С. Жуматаев анықтама жобасының негізгі мазмұнымен таныстырып, анықталған тәуекелдер мен оларды жою жөніндегі ұсыныстарға тоқталды.

Жиналыс барлық қатысушылардың белсенді қатысуымен конструктивті жағдайда өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik/press/news/details/1049183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді