ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ АБАЙ ЕЛІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Абай облысында ауқымды шаралар өтуде. Осыған орай Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы делегация Семей өңіріне келді.
🔹Делегация мүшелері онкүндік барысында бірқатар маңызды мәдени шаралардың куәсі болды. Күні кеше қазақ өнерінің биік үлгісі саналатын айтыс өнерін тамашалады. Сонымен қатар концеренфияға қатысты.
🔹Сапар аясында делегация қаладағы Абай музейін аралап, ұлы ойшылдың өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен танысты. Сонымен қатар Ф.Достоевскийдің де музейіне барып, қазақ пен орыс әдебиетінің ірі тұлғалары арасындағы тарихи байланыстарға қанықты.
🔹Бүгін түркістандық қонақтар халықаралық поэзия фестивалін тамашалайды. Содан соң өзге облыстың өнерпаздары өткізетін концерттік бағдарламаларды көреді деп жоспарланған. Ал ертең ұлы ақынның туған өңірі Жидебайға барып, үлкен тойға қатысады.
🔹Бұл мәдени сапар тек танымдық тәжірибе ғана емес, ұлт руханиятын дәріптеу мен мәдени ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамыдеуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1048573?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді