
Зайсан аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025жылғы 07 сәуірдегі №35, 2025 жылғы 28 мамырдағы №45,46 қаулыларымен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан босатылған мүшелерінің төмендегі бос орындарына кандидатуралар ұсынылатынын хабарлайды:
№ |
Сайлау комиссиясының нөмірі, атауы, орналасқан елді-мекені |
Мүшелікке бос орын саны |
1 |
№593- учаскелік сайлау комиссиясы Зайсан қаласы,Дінмұхамед Қонаев көшесі,52 |
1 |
2 |
№621-учаскелік сайлау комиссиясы Тасбастау ауылы, Қоңыр Мәжитұлы көшесі,9 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихат сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi Зайсан ауданының аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) бірге кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау және қажетті құжаттар туралы қосымша ақпарат алу 2025 жылдың 8 тамыздан 2025 жылдың 23тамыз аралығына аптаның жұмыс күндері дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 08:00-дан бастап 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. Түскі үзіліс 12:00-дан 13:30-ға дейін.
Құжаттар төмендегі мекен-жайға тапсырылады:
Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, №54, «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
қызметтік телефон нөмірі 26-764, электрондық пошта мекенжайы: zagiparov.maslihatzauzaysan11@list.ru
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы мәліметтердің нысандарының, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштерінің үлгі түрлері төменде орналастырылған.
Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Е.Зағыпаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zaysanmaslikhat/press/news/details/1048493?lang=kk
Жауап қалдыру