Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында балалар тасымалымен айналысатын жүргізүшілерге орындау қажет ережелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыр зардапты жол апаттарына жол бермеу мақсатында, мектепке дейінгі мекемелерде және балабақшаларда балаларды тасымалдауымен айналысатын көліктерге қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат:
ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатына сай, балалар тасымалдауымен айналысатын көліктерді сәйкестендіруге;
– «Балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады» ;
– «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады» ;
– «Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдында және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгілері орнатылады» ;
– «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде 25 (жиырма бесте), тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдануына рұқсат етіледі» ;
– «Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс» – делінген.
«Балаларды тасымалдауға арналған автобустар», Техникалық талаптар және сынау әдістері (ГОСТ 33552-2015) мемлекетаралық стандарты нормативтік құжатының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті болуы және онда 8 литрлік 2 өрт сөндіргіш құралы (огнетушитель), 2 дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс екендігі көрсетілген.
Көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне 590-бабының 5-бөлігімен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1048483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді