Астанада биыл студенттерге арналған 8 жатақхана ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында студенттер жатақханасының мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Оқу жылының басталуына екі аптаның көлеміндей ғана уақыт қалды. Әлеуметтік нысандарды ашуға дайындап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, өзге қалалардан келетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Салалық министрлікпен, университеттермен және инвесторлармен бірлесе отырып, жатақхана орындарын көбейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында ашылатын 400 орындық студенттік жатақханаға (А.Пушкин көшесі, 13а) бардық. Аталмыш әлеуметтік нысан жеке инвестиция есебінен салынды.

Елордада 2025 жылдың басынан бері шамамен 2 мың 700 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2 060 орынға арналған тағы 7 нысанды ашу жоспарланып отыр.

Осылайша, 2025 жылы жалпы сыйымдылығы 4 716 орындық 8 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі.

Өткен жылы елордада жалпы сыйымдылығы шамамен 1 700 орынға арналған 5 студенттік жатақхана пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылы ішінде 15 мектеп ашамыз, оның 7-еуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл білім беру нысандары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Сол сияқты елордада балабақшалар, оқушылар сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар салынып жатыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1049915?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді