Борышкерлерге міндеттемелерін еске салды: елордада «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 11-15 тамызы аралығында елорда аумағында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында қаланың саптық бөлімшелері қызметкерлері, аймақтық жекеше сот орындаушылары палатасының және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, Ақжол даңғылында «Қорғау» жүйесінің көмегімен «Lada» маркалы автокөлік тоқтатылды. Анықталғандай, оның иесі — ЖШС иесі және банкте берешегі бар. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ал оны иесі қарызын өтегеннен кейін ғана ала алады.

Полиция ескертеді: қаржылық міндеттемелерді орындамау — жай ғана мерзімін өткізу емес, мүліктен айырылып қалу қаупі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1049680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді