
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласының тергеу изоляторына барды. Ведомство басшысы мекеменің медициналық блогын қарап шықты: терапевт, Стоматолог кабинеттері; флюорографиялық кабинет, қамаудағыларға көмек көрсетілетін емдеу бөлмелері. Министр мекеменің дәрі–дәрмектермен, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне және дәрі-дәрмектерді сақтау жағдайларына ерекше назар аударды. “Қамауда отырған адамдардың елдің кез келген азаматы сияқты сапалы медициналық көмек алуға құқығы бар. Біз бұл стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуіміз керек“, – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова. Сапар барысында мекеме басшылығымен және медицина қызметкерлерімен кеңес өтті, онда медбикенің жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Сапар соңында министр мекеме ұжымына іске жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдіріп, анықталған мәселелерді шешуде қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1049898?lang=kk
Жауап қалдыру