Ляйля Исаева: Мұнай-газ саласындағы 25 жылдық инженерлік шеберлік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның мұнай-газ саласында тұтас компаниялардың даму тарихының бір бөлігіне айналған үлесін қосқан мамандар бар. Солардың бірі – елдегі негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларға атсалысып жүрген, 25 жылдық тәжірибесі бар «KMG PetroChem» ЖШС-нің жетекші инженері Ляйля Исаева.

25 жылдан бері инженерия және мұнай-газ саласында қызмет атқарып келеді. Ляйля Исаева «ҚазТрансОйл» АҚ құрылған күннен компанияға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауда елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, тарифтік саясат, SAP R3 жүйесін енгізумен қатар, мұнайды есепке алу мен теңгерімдеудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеумен айналысты. Енгізген жаңашылдығы мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазір Ляйля Биномқызы KMG PetroChem компаниясында жетекші инженер лауазымында Магистраль құбырлары жобасын жүзеге асыруға ат салысуда. «Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистраль құбырларды (этан, пропан) салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қосқан үлесі зор.

Инженер мамандығын әдетте ер азаматтарға тән деп есептейміз, бірақ Ляйля Исаева: «Өз кәсібінің нағыз маманы үшін ер азаматтар басым ұжымда жұмыс істеу – бұл жобаның мақсатын айқын түсіну, мүдделі тараптармен сындарлы байланыс орната білу», – деп есептейді. Кейіпкеріміз қисынды тұжырымдары мен есеп-қисапқа жүйріктігінің арқасында баға жетпес әріптес ретінде сыйлы және мұнай-газ химиясы саласындағы өзге де қыз-келіншектерге үлгі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1049373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді