
2025 ж. 11 тамыз, Стокгольм – Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшілігінде Қазақстанның Елшісі О.Сүлейменов пен Қазақстандағы тағайындалған Швеция Елшісі С.Эрикссонның кездесуі өтті. Кездесу швед дипломатының өзінің дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға аттануына орай ұйымдастырылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасып, бірқатар бірлескен бастамалар жөнінде «сағаттарын салыстырды».
Қазақстан Елшісі С.Эрикссон Елшіге жауапты дипломатиялық қызметінде табыс тілеп, Қазақстан мен Швеция арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1049233?lang=kk
Жауап қалдыру