
Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Құрметті консулы Кристина Стоянович бүгін алғашқы ресми сапарымен Лесковац қаласына келіп, қала мэрі, медицина ғылымдарының докторы Горан Цветaновичпен кездесті.
Стоянович қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай қала басшысына «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйға тартты.
Сондай-ақ, Қазақстанның Құрметті консулы қала әкімімен екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылап, Цветновичке серб тіліне аударылған «Балалық шаққа саяхат» және «Қазақ халық ертегілері» балалар басылымдарын сыйға тартты.
Сонымен қатар, дәл осы күні, К.Стоянович Вранье қаласында болып, қалалық мәслихаттың төрағасы Зорица Йович ханыммен кездесті.
Йович ханым екі ел ынтымақтастығы бұдан да жемісті болатынын тілге тиек етіп, кездесуде жергілікті қоғамдастық пен Қазақстан арасындағы мәдениет, спорт және білім салаларында білім мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланғанын айтты.
Сапардың себебі – бірнеше бағыттағы ынтымақтастық. К.Стоянович қалаға қазақтың белгілі ақыны, философ, ойшыл, реформатор Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай оның таңдамалы шығармаларынан тұратын кітабын сыйға тартты.
Қазақстан Республикасы консулдығының кеңсесі Преджан қаласында орналасқан, ал Құрметті консулдық қызметі Ябланика және Пцинь аудандарын қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1049514?lang=kk
Жауап қалдыру