
Жаңа жоба Жаңаарқа ауданындағы Қараағаш орманшылығына тұрақты тұқым қорын дайындау мақсатында қолға алынған. Тұқымбақ ғимаратының құрылысы Жаңаарқа кентінде жүргізілуде. Қазіргі уақытта аумақты қоршау, ғимараттың іргетасын қалау, әкімшілік және қосалқы ғимараттарды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған аумақта екі әкімшілік ғимарат, екі бақылау пункті, көлік тұрағы, құрылыс-механикалық шеберханасы, зертхана, асхана орналасады.
Айта кетейік, Қараағаш – Ұлытау облысындағы ең үлкен орманшылық. Қараағаш ауылдық округі, Ынталы ауылында орналасқан. Жалпы жер көлемі 22 мың гектарға жуық. 6000 гектарға жуық аумағы орманмен көмкерілген, ал 7000 гектарға жуық аумағы ерекше қорғалатын зоологиялық қорықтан тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1049636?lang=kk
Жауап қалдыру