
Құрметті аудан тұрғындары және спорт сүйер қауым!
11-14 тамыз күндері Жаңақорған кенті, Хорасан Ата көшесіндегі дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде жаттықтырушы, білікті бапкер Мұрат Тотаев пен КСРО спорт шебері Сапархан Шайменовтерді еске алуға арналған еркін күрестен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына іріктеу турнирі өтеді.
Турнирге еліміздің 17 облысы, 3 қаласынан 400 – ге жуық спортшылар қатысады.
Командалардың келу күні, мандаттық комиссия отырысы – 11 тамыз.
Жарыстың басталуы 12 тамыз күні сағат 10:00-де
Жарыстың ашылу салтанаты 12 тамыз күні сағат 16:00-де
Сайысқа түсетін палуандарымызға сәттілік тілеп, жанкүйер болыңыздар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1049402?lang=kk
Жауап қалдыру