
Елордамыздың «Алматы» ауданында бұрын бос жатқан аумақта заманауи қоғамдық кеңістік абаттандырылып, тұрғындардың жаңа демалыс орнына айналды.
Бүгін қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға аудан әкімі Рустем Тауекелов, мәслихат депутаты Азамат Айтхожин және тұрғын алаптың тұрғындары қатысты.
Жаңа қоғамдық кеңістік төрт функционалды аймаққа бөлінген:
– Тербелмектер, сырғанақтар, айналмалы карусельдер және өзге де шағын архитектуралық нысандар орнатылған балалар алаңы.
– Көлеңкелі шатырлар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған тыныш демалыс аймағы.
– Футбол және стритбол ойнауға арналған спорт аймағы.
– Күштік жаттығуларға арналған воркаут алаңы.
Қоғамдық кеңістік аумағына бұталар мен гүлдер отырғызылып, жаңа көше жарықтандыру тіректері орнатылды. Күзде қосымша 300-ге жуық ағаш отырғызу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, тұрғын алапта барлық бағытта жұмыстар белсенді жүргізілуде: жолдарға шұңқырлы жөндеу жұмыстары жасалуда, бейнебақылау камералары орнатылуда, жаяу жүргіншілер тротуарлары салынуда, қолданыстағы аялдамалар жөнделіп, қалпына келтірілуде, сондай-ақ жаңа жылы аялдама павильондарын орнату көзделген. Сонымен қатар, биыл жөндеуді қажет ететін барлық көшелерге инертті материал төселіп, жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернет жүргізілді. Ағымдағы айда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы да жоспарланған.
«Железнодорожный» тұрғын алабын жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1049496?lang=kk
Жауап қалдыру