Ақмола облысы әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен Жақсы ауданына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 7 тамызында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жаркешов Ернар Серікбайұлы Жақсы ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында ол әлеуметтік сала, өнеркәсіп және спорт нысандарымен танысты. Атап айтқанда, Чапаев ауылының әкімшілік шекараларында орналасқан Тасоба-Жюжен тобының темір-марганец кендерінің кен орындарына көшпелі инспекция жүргізілді. Сондай-ақ, Ернар Серікбайұлы 2024 жылдың қаңтар айында Жақсы аудандық ауруханасы базасында пайдалануға берілген “JaksyMed” клиникалық-диагностикалық орталығына және Жақсы ауылындағы жаңа балалар ойын-сауық орталығына барды. Сонымен қатар, ауданның өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымының басқа да маңызды нысандары қаралды.

Көшпелі бөлім аяқталғаннан кейін аудан әкімі Алмагүл Аманжолқызы Қадралинаның, ауданның жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес шеңберінде негізгі мәселелер қаралды: еңбекақы төлеу қоры (Фото), жергілікті бюджетке түсетін түсімдер, бюджеттің атқарылуы, негізгі капиталға инвестициялар көлемі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Сапар Бақытжан Сапарұлы негізгі капиталға, агроөнеркәсіптік кешенге және саудаға салынған инвестициялардың көлемі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады.

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Азамат Қалбекұлы Ибикенов Мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1050037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді