
🔹Аудан әкімі Айбек Көпенов аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаевпен Оймауыт ауылына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
🔹Сапар барысында аудан басшысы ауылға жаңа мектеп салынатын аумақты қарап шықты. Сонымен қатар, жергілікті балабақша мен мектептің алдағы қыс маусымына дайындығын пысықтады.
☑️Ауылдағы спорт залға қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізуді ауыл әкіміне тапсырды. Бұдан бөлек, газ құбырларын тарту жоспарланған аумақтарды аралап, тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1050596?lang=kk
Жауап қалдыру