АУДАН ӘКІМІ ВИЦЕ-МИНИСТРМЕН СУ ҚОЙМАСЫ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановпен кездесті. Кездесуде аудан үшін стратегиялық маңызы бар жоба – Қараөзен бойында салынатын су қоймасының құрылысы мәселесі жан-жақты талқыланды.
 
«КазСуШар» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының тапсырысы бойынша «Уралводпроект» ЖШС су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеген. Жоспар бойынша су қоймасының жалпы сыйымдылығы 28 миллион текше метрді құрайды, ал жобаның жалпы құны 8,7 миллиард теңге.
 
Аудан басшысы су қоймасының құрылысы – өңірдің ауыл шаруашылығы мен экожүйесіне оң әсер ететін, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартатын ірі жоба екенін атап өтті. Сондай-ақ, қаржыландырудың басталу мерзімі мен мердігерді анықтау жұмыстары жөнінде нақты сұрақтар қойды.
 
Вице-министр Ерболат Мақсұтханұлы жоба «Ислам даму» банкі арқылы қаржыландырылатынын, ал жыл соңына дейін мердігер ұйым анықталатынын мәлімдеді. Тараптар алдағы уақытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде тұрақты түрде ақпарат алмасуға уағдаласты.
 
Бұл су қоймасы іске қосылған жағдайда, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, егін шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз етіп, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
 
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1050461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді