
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстанда ауыр жүк автотүсіргісін басқарған алғашқы әйелдердің бірі – Жаксыбаева Ажар Советбековнаның еңбек жолын атап өткіміз келеді.
2019 жылдан бері ол «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС-де еңбек етіп келеді, еңбек жолын 4-разрядты автокөлік жүргізушісі қызметінен бастаған. 2020 жылы Ажар Советбековна әйелдерден құралған алғашқы төрттіктің құрамына еніп, тау-кен массасын тиеуге арналған автотүсіргі тұтқасын қолға алған.
Оның үлгісі – жұмысшы мамандықтарында жынысқа шектеу жоқ екенін, бастысы – ниет, табандылық және өз ісіне деген сүйіспеншілік екенін дәлелдейді.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #ЕңбекЕлМақтанышы #МамандықтағыӘйелдер #Жітіқара
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1050160?lang=kk
Жауап қалдыру