Өңір басшысы мен облыс прокуроры бизнесті дамыту жолындағы қиындықтарды талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі басқосуға соңғы үш айда өткізілген жеке қабылдаулар мен жұмыс кездесулері барысында кәсіпкерлерден түскен сұрақтар себеп болды.

Облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев кәсіпкерлермен кездесуде бизнестің мәселелерін мен ұсыныстарын талқылады.

Өңір басшысы атап өткендей, облыс прокурорымен бірлесіп үш жеке қабылдау өткізілген, онда кәсіпкерлер ашық түрде нақты мәселелерді көтерген.

«Әрбір өтініштің артында жұмыс орындары, инвестициялар, өңір экономикасының болашағы тұр. Біз формалды жауап бермей, шынайы шешімдер ұсынуға міндеттіміз», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

Облыс прокурорының орынбасары А.Тағиберген атқарылған жұмыс жөнінде есеп ұсынып, органның бизнеспен ашық диалогқа дайын екенін жеткізді. Ол кәсіпкерлердің мәселелерін тиімдірек шешу үшін ай сайын әкімдер мен прокурорлардың кездесулерін жандандыруды ұсынды.

Асхат Шахаров жұмыстың оң нәтижелерін де сөз етті. Мысалы, кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін индустриялық аймақ резиденттері үшін электр энергиясының тарифін төмендетуге, «Әлімбет» өткізу пунктінің тұрақты жұмысын жолға қоюға, қосымша білім беруде бірыңғай мемлекеттік тапсырыс енгізуге, бірқатар жер және қаржы мәселелерін шешуге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, әкім жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарын формалды көзқарасы және кейбір тапсырмаларды орындамағаны үшін сынға алды, мұндай көзқарас бизнестің мәселелерін шешу мерзімін созып, кәсіпкерлердің билікке деген сенімін төмендететінін атап өтті. Әкім әрбір уәде уақытылы және толық көлемде орындалуы керектігін, ал басшылардың нәтиже үшін жеке жауапкершілік арқалайтынын қадап айтты.

Марат Әбішев те бизнесті жүйелі қолдау және барлық істі соңына дейін жеткізудің маңызына тоқталып, сондай-ақ бірде-бір кездесу өткізбеген кейбір әкімдердің белсенділігінің төмендігіне назар аударды.

Кездесуден кейін кәсіпкерлер өңір басшысына және облыс прокурорына жеке мәселелерімен жүгінді. Түскен сұрақтар мектептегі тамақтану бағасын қайта қарау, «Ақтөбе — РФ шекарасы» ақылы жолының жұмысы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қолдау көрсету, сауда павильондарын заңдастыру және басқа да бағыттарға қатысты болды.

Облыс әкімі бизнесті қолдау – биліктің барлық деңгейі үшін ортақ міндет екенін алға тартса, прокурор кәсіпкерлер алдындағы міндеттемелерді орындау және тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1050599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді