Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы–елімізде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды қол еңбегі мен техникалық бағытқа баулу мақсатында «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.

Ақтангелді Жарас Ерікұлы 11.08.2004 жылы туған. 2025 жылы «Өскемен жоғарғы политехникалық колледжінде «Техник-механик» мамандығын бітіріп, 2025 жылы 9 тамыз күні Мансап орталығына келіп, жұмыссыздыққа тіркелді. Мамандығы бойынша 22.07.2025 жылы «Сарқыт» жеке кәсіпкерлігіне жастар практикасы арқылы жұмысқа жолданды. Тәлімгері болып Д.Альжапаров тағайындалды. Бүгінгі күнге жастар практикасы арқылы мамандығы бойынша тәжірибе алып, тәлімгерінен білмеген жұмыстарын үйренуде. Ж.Е.Ақтангелді әртүрлі механикалық жабдықтар мен машиналарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысады. Оның міндеттеріне техниканың жұмыс қабілеттілігін сақтау, жоспарлы техникалық қызмет көрсету, диагностика және ақауларды жою, сондай-ақ жаңа жабдықты орнату кіреді. Негізі техник-механик мамандығы өнеркәсіп, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығын қоса алғанда, әртүрлі салаларда сұранысқа ие.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1050580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді