ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІРКЕЛМЕГЕН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САТУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ !!!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті келесіні түсіндіреді: Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабы 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы денсаулық сақтау саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сай келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.

Кез келген дәрілік затты сатып алу кезінде қаптамадағы таңбалауға назар аудару қажет. Қаптамада мемлекеттік тілде жазылған ақпарат пен тіркеу нөмірінің болуы міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларына сәйкес, көтерме және бөлшек сауда субъектілері фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшаның көшірмесін не болмаса қызметтің немесе жекелеген әрекеттердің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабар беретін құжатты (соның ішінде электрондық құжаттың басып шығарылған көшірмесін) танысуға қолайлы жерде орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ, Департамент маркетплейстерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату үшін «рұқсат» алу мақсатында субъект келесі құжаттарды ұсынуы қажет екенін түсіндіреді: сатылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға берілген тіркеу куәлігі; дәрілік заттар үшін бөлшек саудаға арналған қосымшасымен бірге фармацевтикалық қызметке лицензия; медициналық бұйымдар үшін бөлшек сауда қызметін бастау туралы хабарламаны қабылдау талоны.

Осыған байланысты, облыс тұрғындарынан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріханалардан сатып алуды сұрайды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату фактілері анықталған жағдайда, тиісті дәлелдемелерді қоса тіркей отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жүгінуге құқылысыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1050559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді