Қазақстанда 791–801/832–842 МГц жиіліктері бойынша 4G байланысын дамытуға арналған аукцион жарияланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 791–801/832–842 МГц (10/10 МГц) радиожиілік спектрін пайдалану құқығына аукцион өткізілетінін хабарлайды. Аталған аукцион төртінші буындағы ұялы байланыс (4G) желілерін дамытуға бағытталған.

 

Аукцион еліміздің барлық өңірлерін, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды. Лоттың бастапқы бағасы 30 миллиард теңгені құрайды.

 

Аукционға қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға болуы;
  • байланыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы;
  • ұялы байланыс операторының лицензиясы болуы;
  • банкроттық сатысында болмауы;
  • кепілдік жарнаны толық көлемде төлеуі.

 

Өтінімдер электронды форматта www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күнге созылады.

 

Аукционның өту уақыты 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/press/news/details/1050634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді