Тараз қаласы Прокуратура үйлестірумен «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында, Пробациялық есепте тұрған бұрын сотты болған азаматтарды әлеуметтендіру мен олармен қайта қылмыстарды жасауларының алдын алу мақсатында қоғамдық жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда Тараз қаласы Пробация қызметінің есебінде тұрған бұрын сотты болған азаматтар оқу кезеңінің алдында қала аумағында орналасқан білім ордаларының аулаларын тазалауға жұмылдырылып, бұл жұмыс қоғам арасында оң бағасын алды. Іс-шараға Тараз қалалық Пробация қызметінің басшылары мен инспекторлары, Мансап орталығының қызметкерлері және “Жасыл Ел-Тараз” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары ат салысты.
https://www.instagram.com/reel/DNSArSYIJe5/?utm_source=ig_web_copy_link
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1050028?lang=kk
Жауап қалдыру