Тиісті дәріханалық практика (GРP) сәйкестігіне инспекция өтуге өтініштерді жолдау қажеттігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәрілік заттарды бөлек саудада өткізуші объектілер мен субъектелірдің басшыларына

«ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ (әрі қарай – Департамент), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабының 3-тармағына сәйкес дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын 01.01.2026 жылдан бастап сақтауға міндетті екендігін хабарлайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Кодекспен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу талаптарын сақтау мақсатында, өту мерзімін көрсете отырып Департаментке тиісті дәріханалық практика (GРP) сәйкестігіне инспекция өтуге өтініштерді 2025 жылғы тамыз айының 25 дейін жолдау қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1050305?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді