ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БІТЕТІН СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірде спорт нысандарының құрылысы жүргізіліп, құрылыс сапасы қатаң бақылауға алынған. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы бірқатар спорт нысандарын аралап, құрылыс барысын тексерді.
☑️Алдымен М.Төлебаев көшесінде бой көтеріп жатқан спорт кешеніне барды. Жоба құны 595,8 млн. теңгені құрайтын нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Жаңа нысан биыл аяқталады деп күтілуде.
☑️Нысан ішінде заманауи күрес залы мен бокс залы қарастырылса, аулада шағын футболға арналған ашық алаңша орнатылған. Аталған спорт кешенінде бокс және күрес спорт түрлерінен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.
☑️Ертай Кенжебекұлы жауаптыларға бірқатар ескертулер айтып, нақты тапсырмалар берді.
☑️Киелі шаhaрда ескек есу каналының құрылысы да қарқынды. Жаңа нысанның құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Ескек есу каналының құрылыс барысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары жауапты сала басшылары мен мердігерлерге құрылыс сапасына ерекше мән беруді, сапалы әрі уақытылы атқару жөнінде тапсырма берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1050093?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді