
Бүгінде құрылыс саласының ел экономикасындағы үлесі ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды. Құрылыс саласының ішінде тұрғын үй құрылысы басты бағыттардың бірі болып қалып отыр. Бұл сектор соңғы алты жыл бойы тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазақстан жыл сайын құрылыс қарқынын арттыруда, бұл – жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ынталандырушы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Құрылыс саласы өңірлердің инфрақұрылымдық келбетін ғана емес, сонымен қатар миллиондаған азаматтың өмір сүру сапасын қалыптастыратын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Сәулетшілер, инженерлер, прорабтар, машинистер, тас қалаушылар сынды түрлі мамандық иелерінің еңбегі арқасында жыл сайын миллиондаған шаршы метр тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар бой көтеріп, жаңа шағын аудандар дамып келеді. Осылайша жайлы, заманауи әрі қауіпсіз орта қалыптасып, ауқымды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1050132?lang=kk
Жауап қалдыру