Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларының алаңдатарлық өсімі тіркелді. Полиция деректеріне сәйкес, жыл басынан бері 139 қылмыстық іс қозғалып, оның 61-і адам өлімімен аяқталған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апаттардың негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Көбінесе жылдамдықты асыру, арақашықтықты сақтамау, шаршаған немесе мас күйде көлік жүргізу, сондай-ақ жүргізушілердің жолда келе жатып бөтен нәрселерге алаңдауы апатқа әкелуде.
Полиция қызметкерлері еске салады: жүргізушілер жылдамдық режимін қатаң сақтап, қауіпсіз арақашықтық ұстанып, жолда барынша мұқият болуы тиіс. Жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға, тек арнайы белгіленген жерлерден және қауіпсіз екеніне толық көз жеткізгеннен кейін ғана жолдан өту керек.
— Өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыздар. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – бұл жай ғана формальдылық емес, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі, — деп атап өтті облыстық полиция департаментінде.
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП — қауіпсіз жол әрқайсымызға байланысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1050307?lang=kk
Жауап қалдыру