«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ 2025-2028 жылдарға арналған мемлекеттік тапсырысының нәтижелерін бағалау үшін сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру
Жітіқара ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарының нәтижелерін бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес күнтізбелік 3 (үш) жыл мерзіміне азаматтық қоғам өкілдері қатарынан сараптамалық кеңес қалыптастырылады.
Сараптамалық кеңес азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жариялылық және сараптамалық кеңестің жұмысына ерікті қатысу қағидаттарында қалыптастырылады.
Азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан кандидаттарды сараптамалық кеңестің мүшелігіне шақырамыз.
Сараптамалық кеңестің мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
2025 жылы Жітіқара ауданы әкімінің аппараты екі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша тапсырыс беруші болып табылады:
- «Жітіқара – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры жүзеге асырады.
- Құқықтық сауаттылықты арттыруға, халықтың алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры жүзеге асырады.
Сараптамалық кеңестің мүшелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарламаны Жітіқара ауданы әкімінің аппаратына бекітілген нысан (Қағидаларға 6-қосымша) бойынша ұсынады.
Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу туралы өтінімді vazen1908@yandex.kz электрондық поштасы бойынша 2025 жылғы 24 тамызға дейінгі мерзімді қоса алғанда жіберуге болады.
Анықтамалар үшін телефон: 2-00-56
Жітіқара ауданы әкімі аппаратының құқық бөлімінің бас маманы Вазенмиллер Е.Г.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1050436?lang=kk
Жауап қалдыру