Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 13 тамыз күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы Созақ ауданына қарасты “Уранэнерго” ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
ҚР Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы заңдылық талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Сейтқазыұлы серіктестік ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Асқар Сейтқазыұлы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме беріп өтті.
Жауап қалдыру