
13.08.2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Әділет департаменті Маңғыстау облысының Аумақтық нотариаттық палатасымен бірлесіп, жекеше нотариустардың қатысуымен «Әр азаматқа – заңдық көмек» Республикалық акциясын өткізді.
Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ұйымдастырылған шара барысында азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1050938?lang=kk
Жауап қалдыру