
2025 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақмола облысы Әділет департаменті облыстық Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен сондай-ақ, Ақмола облысының адвокаттар алқасы және нотариаттық, жеке сот орындаушылар мен заң консультанттар палаталарының өкілдерімен бірлесіп, Көкшетау қаласының «РИО» сауда – сауықтыру орталығында «Әр азаматқа – құқықтық көмек» атты акциясын өткізді.
Акция барысында барлық жүгінген азаматтарға адвокаттармен, жеке сот орындаушылар және нотариустар, заң консультанттарымен білікті құқықтық көмек көрсетілді.
Департамент өкілімен жүгінген азаматтарға цифрлық көмекшісін (чат-бот) қолдана отыра заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріп, кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу бойынша ақпарат ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1050743?lang=kk
Жауап қалдыру