
Хромтау қаласында өткен «Ақ бидай – 2025» VIII облыстық ауыл спорты ойындарында Алға ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Шағын футболдан ауданның құрама командасы барлық қарсыластарын ұтып, чемпион атанды.
Қазақша күрестен 66 кг салмақта Умирбаев Темирлан І орынды иеленсе, 60 кг салмақта Калдыгереев Әбубәкір ІІ орынға ие болды.
Қол күресі бойынша Абенов Талғат жүлделі ІІІ орынға, ал тоғызқұмалақтан Курманалина Фатима ІІІ орынға қол жеткізді.
Бұл жеңістер – аудан спортшыларының еңбегі мен дайындықтарының жемісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1051309?lang=kk
Жауап қалдыру