Ақмола облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің онлайн тәртібінде отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 тамыздағы онлайн тәртібінде отырысы өтті. Отырыста білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, ҚР Үкіметі қаулыларының жобалары атты  мәселелер қаралды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде білім сапасын одан әрі арттыру, орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу саласын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Облыстық әкімдікте  онлайн түрінде өткен отырысқа Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1051006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді