
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 8 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Анжанова білікті заңгерлер, жеке нотариус және құқық қорғау органдары өкілдері қатысуымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, құқықтық мәселелер бойынша «Мұрагер» сауда үйінде қала тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентінің жұмысын насихаттап, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1050866?lang=kk
Жауап қалдыру