
2025 жылғы 14 тамызда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясы өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселе:
- «Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы». Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешімді бірауыздан қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1050858?lang=kk
Жауап қалдыру