
Павлодар қалалық мәслихатында депутаттардың, денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдерінің қатысуымен қала ауруханаларында тамақтану сапасына қатысты азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
⠀Кеңес қорытындысы бойынша қаланың медициналық мекемелерінде тамақтану сапасын бақылау мақсатында мониторингтік топ құру туралы шешім қабылданды.
⠀Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының негізі, сондықтан ауруханаларда бұл емдеудің бір бөлігі екені жиналыста атап өтілді. Тамақтандыру толық және сапалы болуы қажет. Айта кету керек енді мониторинг тұрақты негізде жүргізілетін болады.
⠀Шынында да, пациенттердің тамақтануына бюджеттен бөлінетін қаражат тиімді және мақсатына сай пайдалану өте маңызды.
⠀Қаланың ауруханалары мен мектептеріндегі тамақтану туралы шағымдар мен ұсыныстарды чат-ботқа жіберуге болады. https://t.me/PitanieControlBot
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1050748?lang=kk
Жауап қалдыру