Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Бюджет кодексінің 133-бабының 1-тармағын және “Мемлекеттік статистика туралы” ҚР Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  15 мамырдағы №229 бұйрығымен «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары» бекітілді (бұдан әрі – Қағидалар).

Осы Қағидалар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау тәртібін анықтайды.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша жартыжылдық, жылдық есептілікті жасайды.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мақсаты мүдделі адамдарды қаржылық қызметтің нәтижелері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайының өзгерістері, қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1050842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді