ДИЯР АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ ЗАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹2023 жылы аудан әкімі Айбек Көпеновтің Дияр ауылының тұрғындарымен кездесуінде ауылға спорт зал салу мәселесі көтерілген болатын. Кездесу барысында аудан басшысы спорт нысанын ауыл тұрғындарының қатысуымен бірлесіп салу жоспарланатынын айтқан еді.

🔹Қазіргі таңда Дияр ауылында спорт залдың құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Нысанда күрес залы және жалпы жаттығу залы болады. Жоба ауыл тұрғындарының белсенді атсалысуымен және аудан әкімдігінің демеушілігімен іске асуда.

☑️Спорт залы пайдалануға берілгеннен кейін ауыл жастарына спортпен жүйелі түрде шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы жағдай жасалатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1050828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді