
Келес ауданында Халықаралық Жастар күніне орай өңірде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті.
Мереке аясында “Тазалық – жан саулығы” экоплогингі, “Денсаулық – басты байлық” спорттық шарасы және “Еңбек адамы – халқымыздың асыл мұрасы” көрме-байқауы ұйымдастырылды.
“Тазалық – жан саулығы” экоплогингі бастамасына өңірдің белсенді жастары мен еріктілері қатысты. Қатысушылар Т.Рысқұлов көшелері бойында жүгіре жүріп қоқыс жинап, қоршаған ортаны тазартуға үлес қосты. Шара табиғатқа деген жауапкершілікті арттырып, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды.
“Денсаулық – басты байлық” спорттық шарасы аясында садақ ату, үстел теннисі, гір тасын көтеру, арқан тартыс сынды ойындар өткізілді. Қатысушылар белсенді демалыстың денсаулыққа пайдасын сезініп, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Мақсат – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ету.
“Еңбек адамы – халқымыздың асыл мұрасы” көрме-байқауы аясында жергілікті шеберлер мен еңбек ардагерлерінің қолөнер туындылары, кәсіби жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1051315?lang=kk
Жауап қалдыру