
2025 жылдың 7 айында қалада көкжөтелдің зертханалық расталған жағдайы тіркелген жоқ. 2024 жылдың осы кезеңінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің зертханалық расталған 62 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 59 (95,2%) жағдайда көкжөтелге қарсы екпеден бас тартуына, медициналық қарсы көрсетілімге, екпе жасына жетпеуіне байланысты егілмеген, ал 2 жағдайда (3,2%) толық екпе курсымен егілмеген балалар.
Көкжөтел – бұл Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған жедел респираторлық бактериялық инфекция, жоғарғы тыныс жолдарының катаральды симптомдарымен бірге жүреді, «репризі» бар құрысу жөтелінің сипатты ұстамаларымен және ұстаманың соңында құсу және қалың тұтқыр қақырықты бөледі.
Инфекция көзі науқас адам және көкжөтел бактерияларының тасымалдаушылары болып табылады. Көкжөтелдің қоздырғышы науқас және бактерия тасымалдаушылар жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде ауа тамшылары арқылы беріледі.
Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі орта есеппен 14 күнді құрайды (науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап).
Көкжөтел белгілері: көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балаларда ауыр өтеді. Алдымен балада әдеттегі суық тиюдің белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, температураның көтерілуі, қалыпты жөтел. Жөтел біртіндеп күшейіп, ұстамалы жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегінің жетіспеуі, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болады.
Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкжөтелден қорғанудың бірден-бір сенімді және тиімді жолы вакцинация екенін еске салады.
Профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациялау 2, 3, 4 және 18 айлық балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильдік инфекцияға және полиомиелитке қарсы кешенді вакцинамен бір мезгілде жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балаларға АбКДС бустерлік дозасы егіледі. Көкжөтелге қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін нығайтады.
Жоспарлы екпелерді жергілікті емханалардың барлық егу кабинеттерінде вакцинация жүргізуге рұқсаты бар оқытылған (тәжірибелі) медицина қызметкерлері жүргізеді.
Емханаларда бұрын түрлі себептерге байланысты көкжөтелге қарсы екпе алмаған балаларды толықтыра иммундау да жүргізіледі. Сондықтан ата-аналар емханаға хабарласып, баласына көкжөтелге қарсы қосымша екпе жасата алады.
Көкжөтелмен ауырып жазылған балалар одан әрі Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жасына сәйкес егіледі.
Ауру белгілері пайда болған кезде мыналар ұсынылады:
– уақтылы медициналық көмекке жүгінуге, өз бетінше емделмеуге, дәрігердің тағайындауы бойынша ғана ем қабылдау;
– үй-жайды жақсы желдетуге, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
– жөтел кезінде ауызды жабу, қолды жиі жуу;
– ауру балаларды ұйымдасқан ұжымдарға (ДДУ, мектептерге) алып бармау, ауырған адамдарға жұмысқа бармау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, қонақтарды шақырмау, үйге телефон арқылы дәрігерді шақыру ұсынылады.
Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларға уақытында екпе алдырыңыз!
Естеріңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1051192?lang=kk
Жауап қалдыру