Мансап орталығында жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының «Мансап орталығы» мекемесінде «Ұлт пен дәстүр сабақтастығы» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге орталықтың директоры Е.Жетібаев, ішкі саясат бөлімінің маманы Ш.Асқарбекқызы, және отбасын қолдау орталығының мамандары қатыстырылды.
Кездесудің мақсаты – Қазақстанның дәстүрлі құндылықтары мен адамгершілік қағидалары, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау және халық арасында теріс идеологияның арбауына түсуге қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Кездесуге арнайы келген қонақ Ш.Асқарбекқызы өз сөзінде – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жаңа жетістіктері, жаңа ұрпаққа білім мен ғылым игеру қажеттілігі жөнінде ой толғап, сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесіне назар аудару басты міндет екендігін жеткізді.
Сонымен бірге, Ш.Асқарбекқызы «Білім – ел болашағының тірегі. Ол арқылы адам өз орнын табады, қоғамға пайдасын тигізеді. Бұл ретте, ата-бабадан келген ұлттық салт-дәстүрлерімізді қазіргі біліммен ұштастыра қабылдау – ұлт болашағының жарқын кепілі болары сөзсіз»,- деп атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауаптар алды және келген қонақтарға алғысын білдірді.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді