Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы прокурорлардың жіті назарында және қадағалау қызметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Жетісу облысы Ескелді ауданының прокурорымен азаматтардың еңбекақы алу жөнінде конституциялық құқықтары қорғалды.
«Ескелді Су Құбыры» кәсіпорнының 48 жұмысшыларына 5,6 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бар екені анықталды.
Прокурордың араласуынан кейін берешек толық өтеліп, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау органы жұмыс берушілерге азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1050930?lang=kk
Жауап қалдыру