
Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Баттал Нұрмұханбетұлы Ибраев және аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібек Серикқалиұлы Бейлгожинмен бірге Майшұқыр және Жантеке ауылдарында болып, жергілікті білім беру орындарының жылу жүйелері мен жаңа оқу жылына дайындығын бақылап келді. Сонымен қатар Жантеке ауылындағы жалпыға бірдей білім беру мектеБінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1050643?lang=kk
Жауап қалдыру