
Өскемен қаласында «Медсервис Плюс» ЖШС-нің дәріханалық қоймасына тиісті дистрибьюторлық практика (GDP — Good Distribution Practice) талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізілді.
Инспекциялық комиссия құрамында келесі мамандар болды:
Сыдыкова Гүлжан Сағымбекқызы — жетекші инспектор,
Болат Әділ — инспектор,
Рахимжанова Мақпал Жомартқанқызы — тағылымгер.
Бұған дейін компанияның қоймасы басқа мекенжайда орналасқан болатын. Жаңа дәріханалық қойма қазіргі заманғы стандарттарға сай жабдықталып, дәрілік заттарды сақтау және дистрибуциялау үшін қажетті заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1051314?lang=kk
Жауап қалдыру