Қарқаралы ауданында оқу экспериментін өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 14 тамыз күні Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (Т.Әубәкіров көшесі 19 ғимарат), және «Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы № 44 жалпы білім беретін тірек мектебі ресурстық орталығы жаныңдағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Мади Бапиұлы көшесі 1 ғимарат жағдайында), терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған объектілер айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған орай, аудан тұрғындарын түсіністікпен қарауға, сабырлық сақтауға, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенуге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Қарағанды облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1051289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді