
Жер бетіндегі кез келген халықты әлем жұрты ұлттық ерекшеліктеріне қарап таниды.
Оларды өзге мемлекеттерден даралап тұратыны – ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі мен мәдени-рухани бағдарлары, ұлттық ойындары мен өнері.
Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүрімізді айтуға болады.
Ұлттық спорт ойыны түрлерінің бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілер оның төрт мың жылдық тарихы бар, өте пайдалы зияткерлік ойын екенін айтады.
Қарқаралылық Дастан Үмітқалиев Моңғолия елінде өткен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында жүлделі III орын алып, қола медаль иеленді.
Дастан – ерекше жан болса да, ұлттық спортты өзіне серік етіп, облыстық, республикалық сайыстарда аудан намысын абыроймен қорғап жүр.
Жерлесіміздің үлкен жетістігі құтты болсын, ағайын!
Қазақтың ұлттық ойындары халықаралық ареналарда кеңінен қанат жайсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1050746?lang=kk
Жауап қалдыру