Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарға сәйкес, облыстық Нотариаттық палатасының алаңында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У.Кыстаубаеваның, нотариустар, адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен “Әр азаматқа – заңдық көмек!” акциясы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарға сәйкес, облыстық Нотариаттық палатасының алаңында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У.Кыстаубаеваның, нотариустар, адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен “Әр азаматқа – заңдық көмек!” акциясы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы, құқықтық қолдау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, заң төңірегіндегі сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында азаматтар мұралық іс, алимент және үй мәселесі, аппеляциялық шағым жазу бойынша сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктер алды.
Шара нәтижесінде құқықтық мәдениет пен сананы дамыту, әділеттілік сезімін арттыру және азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсаттары жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1050922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді