«Шымкент – Мюнхен» бағытындағы жаңа тікелей әуе рейсінің ашылуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 26-27 маусым күндері Мюнхен қаласындағы ҚР Бас консулдығында «Шымкент – Мюнхен» бағытындағы жаңа тікелей әуе рейсінің ашылуына арналған таныстырылым іс-шарасы өтті. Шараға Германияның туризм саласының өкілдері, туроператорлар, агенттіктер мен қазақстандық делегация мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығының жетекшісі Ерлан Сүндікович Умаров қонақтарды қарсы алып, Шымкент қаласының туристік әлеуеті туралы бейнеролик көрсетіп, қаланың туристерге тартымды бағыт ретінде қалыптасуындағы орталықтың рөліне тоқталды.

Шымкент қаласының тәжірибелі экскурсия жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Орынбасаровтың баяндамасы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ол қаланың тарихи-мәдени ерекшеліктері мен оңтүстік астананың қонақжайлығы туралы баяндады.

Бұл шара Қазақстан мен Германияның туризм саласындағы ынтымақтастығын нығайтып, Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жол ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-munich/press/news/details/1051096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді