
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 13 тамызында № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Смаилханова, «Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филалының өкілінің қатысуымен Жамбыл ауданының білім бөлімінде және аудандық орталық аурухнасы ұжымында халықты әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әлеуметтік кодексі аясында зейнетақы және жәрдемақылар бойынша енгізілген өзгерістер, арттырыулар, балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мәселелері түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарының соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мамандармен жан-жақты жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1050650?lang=kk
Жауап қалдыру