
Түркістан облысы Төлеби ауданы №11 Ленгір қалалық жедел медициналық жәрдем бөлімшесі мекеме қызметкерлеріне «Ұлттық құндылықтар және ұлт денсаулығы» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен ақпараттық насихаттық топ мүшелері қатыстырылды.
Іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің күнделікті күрделі еңбегін бағалай отырып, олардың денсаулығын сақтау мен ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтау жолдарын насихаттау болып таабылады.
Кездесуге денсаулық сақтау саласының мамандары мен психологтар және қоғам белсенділері қатысты.
Шара барысында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлердің адам денсаулығына тигізетін оң әсері, дәстүрлі тамақтану мәдениеті мен өмір салты туралы пайдалы мәліметтер айтылды.
Спикерлер жедел жәрдем қызметкерлерінің күнделікті стресске толы қызметтеріне тоқталып, ішкі жан тыныштығын сақтау, отбасылық құндылықтарды қадірлеу және рухани үйлесімділік мәселелерін де қамтыды.
Сонымен қатар, ұлттық тағамдар мен табиғи өнімдердің иммунитетке әсері, қазақтың дәстүрлі шипагерлік тәжірибелері туралы қызықты деректер ұсынылды.
Шара соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, ұйымдастырушылар медицина қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстануға, рухани құндылықтарды ұлықтауға және борышын адал атқаруға шақырды.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050810?lang=kk
Жауап қалдыру